Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  165


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ауа райы көңілдің құбылады

Ауа райы көңілдің құбылады.
Құбылады,
Кім оны ұғынады?!
Қыран ойлар оянып ұйқысынан,
Түлкі сезім қалыңға тығылады.
Ауа райы көңілдің құбылады.
Құбылады,
Кім оны ұғынады?!
Ақ боз аты арманның
Ойда жоқта
Жүйткіп келе жатып-ақ жығылады.
Ауа райы көңілдің құбылады.
Құбылады,
Кім оны ұғынады?!
Дуылдаған жастықтың күні батып,
Нұры өшеді шаттықтың шұғылалы.
Ауа райы көңілдің құбылады.
Құбылады,
Кім оны ұғынады?!
Өте шығар өмірің еске түсіп,
Жанарыңа тамшы жас тығылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу