Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  115


Автор: Қадыр Мырза Әли

Мен отырмын жер ортасы жасқа кеп

Мен отырмын жер ортасы жасқа кеп
Басқа буын,
Енді қазір басқа леп.
Айналайын, ақылдысың,
Алғырсың,
Айтар болсам тіл-ауызым тасқа деп.
Жарық жұлдыз оңың менен солыңда
Жатқан тау жоқ,
Жатқан су жоқ жолыңда.
Дарының да,
Арының да бар, шүкір,
Не істесең де —
Бәрі, бәрі қолыңда!
Асқар анау —
Аспан анау —
Ұшыңдар!
Арман анау,
Ару анау—
Құшыңдар!
Не болса да түсінетін ақыл бар,
Тепсең темір үзетұғын күшің бар.
Айналайын,
Бір нәрсені ұқ бірақ:
Көрпе тігу емес тірлік шыт құрап.
Данамыз ба?
Өмір бізден даналау.
Мықтымыз ба?
Өмір бізден мықтырақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу