Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  498


Автор: Қадыр Мырза Әли

Құрметтесең ата-баба мұрасын

Құрметтесең ата-баба мұрасын,
Қазақтардан табылады жыр асыл.
Сол асылға қосасың да бір асыл,
Үлкендерден бата тілеп тұрасың.
Көңіліңе ұйып аппақ сүт есім,
Жабағы ойды жылдар бойы түтесің
Арамнан да бір адалдық,
Әділдік,
Сараңнан да бір жомарттық күтесің.
Ақырында
Көріп тағдыр дүресін,
Жеңіспенен біту керек күресің.
Талай ғасыр қалмай келген пенделік
Түбінде бір қалады деп жүресің.
Тентектердің тоқпақтай ғып шекесін,
Талайлардың танытасың көкесін...
Адам! Адам!
Мынау фәни-жалғанда
Бір жақсылық дәметумен өтесің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу