Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  244


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ай нұрынан

Ай нұрынан,
Күн нұрынан нәр алған
Арман қайда қолаң шашы таралған?!
Қуанышын қанат қылып адамдар
Аспаныңа ұшу үшін жаралған.
Жастығыңның ақ сұңқары қуды іліп,
Тойлау керек,
Тойлау керек ду күліп.
Бірақ кейде тіршіліктің тұманы
Ұшырмайды қанатыңды су қылып.
Әр уақытта күні ғаріп кірменің.
Не теңім деп өлең менің,
Жыр менің?
Шұғылданып ұсақ-түйек шаруамен
Амалың жоқ,
Тышқаншылап жүргенің.
Керек емес маған алыс шет елің,
Керек арман!
Соған қалай жетемін?!
Қанатым су,
Қанатымның орнына
Асыққанда желпілдейді етегім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу