Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  151


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ортақ болсын шаттығың да

Ортақ болсын шаттығың да,
Шерің де.
Төрде күлмей,
Күлесің бе көріңде?!
Айқай салып айқай салар тұстарда,
Жылау керек жылайтұғын жерінде.
Баянсыздау бақыт болса қонбағай.
Мезгілінен бұрын өлер онда ағай.
Қасіретін достарыңнан жасырған
Қойыныңа тығып қойған бомбадай.
Мен сырымды жасыра алман қулардай.
Жүрегімде шулап тұрған ну бардай.
Қуанышың бүгіп қалған халқыңнан
Мейрам күні ілінбеген тулардай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу