Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  137


Автор: Қадыр Мырза Әли

Терісқақпай

Өмір деген ұлы жыр
Серт болмады,
Өрт болды.
Жүздегі шал тірі жүр,
Жиырмадағы мерт болды.
Сірә, біздер жасықпыз
Сеніп алған дәріге.
Жас жігіттен қашып қыз,
Тиіп алды кәріге!
Айналыстан бұрылып,
Бірге қатар аттаған:
Көзі сау жан сүрініп,
Соқыр адам өтті аман!
Кемеңгерден есерге
Кемел ақыл көше ме!?
Бір машина нөсерде
Су шашып жүр көшеге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу