Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  149


Автор: Қадыр Мырза Әли

Еңбек және сұлулық

Тозды жастық желкілдетіп желегін.
Таба алмадым кәріліктің мен емін.
Есім кіріп,
Етегімді жиғалы
Еңбегіме сиынумен келемін!
Туған жерге тартып туған өлеңім.
Мен өнерде Махамбетпен бөлемін.
Дүниеге көзімді осы ашқалы
Сұлулыққа табынумен келемін.
Ант етемін ұстап жырдың жемісін!
Бұл өмірде басқа құдай жоғы шын.
Әр уақытта
Еңбек пенен Сұлулық —
Тәңір және Тәңірия мен үшін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу