Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  142


Автор: Қадыр Мырза Әли

Табиғи тірлік

Заман сырын қалай айтып таусамын!
Шатыр ұстап мәз боламыз жауса күн.
Біздер түгіл,
Сиырлардың желіні
Сағынады арулардың саусағын!
Ұлы электр тұрған кезде отты қой!
Техника құдіретін төкті ғой.
Самолет пен поезд емес,
Бүгінде
Атқа отыру қиын болып кетті ғой!
Айналғандай жаңбыр менен қарға су,
Моторларға алмайтұғын бар ма асу?!
Қазір бірақ мүмкін болмай барады
Жалаң аяқ көгал кешу,
Жер басу!
Бізден қазір жабайы өскен гүл де аулақ.
Бір дуадақ табу қиын күн де аулап.
Жұмыртқада дәм бола ма
Қоразсыз
Тауық оны тапқаннан соң күлге аунап?
Мәні бөлек,
Дәмі бөлек көп шөптің.
Күні өтпейді алау үшін шөпшектің.
Табиғаттың орны бөлек:
Еміздік
Өмірі орнын баса алмайды емшектің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу