Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  208


Автор: Қадыр Мырза Әли

Табиғат және мен

Табиғаттан қол үзу де — бір қайғы.
Күйбең тірлік қызығыңды ұрлайды,
Банкеттегі хрустальдің сыңғыры
Жапырақтың сыбдырына тұрмайды.
Жырға құмар көмекейім сырнайлы
Газды суды ішсем болды — құрғайды.
Шоколадтың ең тәуірі
Тоғайдан
Теріп жеген бір жидекке тұрмайды.
Он флакон әтіріңіз
Бір уыс
Көк жусанның жұпарына тұрмайды!
Руль емес,
Мына маған бер қамшы.
Мен боп саған айтар сырын бар малшы.
Қайта туу мүмкін емес,
Егерде
Қайта тусам,
Болар едім орманшы!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу