Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  202


Автор: Қадыр Мырза Әли

О бастан-ақ тазалыққа құмарттым

О бастан-ақ тазалыққа құмарттым.
Құмарттым да жүрегіме жүк арттым.
Тамған сия,
Жұққан кірді өшіріп,
Дәптерімнің парақтарын жұқарттым.
О бастан-ақ тазалыққа құмарттым.
Құмарттым да жүрегіме жүк арттым.
Кетірем деп жұққан кірді жаныма,
Жүйкемді де,
Ғұмырды да жұқарттым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу