Өлеңдер ✍️

  28.05.2021
  148


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қарияның — табысы емес

Қарияның — табысы емес —
Шаруасына қараймын.
Дарияның — ағысы емес.—
Арнасына қараймын.
Серілердің — бар кезі емес —
Жоқ кезіне қараймын.
Бөрілердің — нәркес емес —
От көзіне қараймын.
Арулардың — сырғасы емес —
Алауына қараймын.
Тұлпарлардың — тұлғасы емес —
Танауына қараймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу