Өлеңдер ✍️

  28.05.2021
  214


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ала жібін ешкімнің аттамадым

Ала жібін ешкімнің аттамадым.
Ақты даттап,
Қараны ақтамадым.
Көз салмадым біреудің қалқасына,
Жетіп жатыр өзімнің ақ тамағым.
Бата беріп жас талап,
Көк өрімге,
Қиналмай-ақ өлемін өлерімде.
Қызғанбадым ешкімнің өлең-жырын,
Жетіп жатыр өзімнің өнерім де.
Өтті кетті не қызық,
Не бір ойын.
Көтеріліп басылды қамыр-ойым.
Шаруам қанша біреудің атағында,
Жетіп жатыр өзімнің абыройым.
Айтқаныма, ағайын, сенші бүгін.
Ұнатпаймын ауылдың мен шылығын.
Өзге адамның мініне күле алмаймын,
Жетіп жатыр өзімнің кемшілігім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу