26.05.2021
  325


Автор: Гүлтас Құрманбай

14 900 тг

Ерқанат Нұрмаханов


Ғылым және технология мектебі, 3-курс


 Қызыл раушан гүлдері түссіз қаптамаға әдемі оралған еді. Гүлдің астыңғы тікенегінде әлі кеппеген қою қызыл қанның ізі тұр. Бір мезетте гүлдің сабағын қатты қысып қойған болуы керек. Кейде сағындыратын, кейде армандаттыратын, ал кей кезде ойландыратын раушан гүлдерінің хош жұпар иісі оның жақында ғана қырқылғанынан белгі береді.


Жігіттің қолында ескі ұялы телефон. Телефонның жан-жағы сызылған (царапина). Экранның ортасында жоғарыдан төмен кеткен бір үлкен сызат (трещина) бар. Үстіндегі сұр кнопканы басып, телефонды қосады.


Жігіттің қызарған көздері даланың құмды-топырақты жеріне үнсіз төмен қадалған. Шегірткенің шырылдағаны бір мезетте артқы жақтан естілсе, енді бір мезетте алдыңғы төрт-бес қадам жақтан естіледі. Сарыарқаның салқын желі бұл маңайда тылсым күшке ие екенін жақындағы ауыл адамдарының барлығы біледі. Көктегі күннің жылуы жерге жарқырап жеткенімен, бойды жылытар емес. Алып қою бұлттардың да бір жаққа асығып бара жатқанынан күн сәулесі артта қалып, әлсіреңкіреп кетеді, ал кей кезде бұлттардан мүлдем де өте алмағандықтан айналаны қараңғылық басады.


 


Бір мезетте телефон шырылдап, ойға батып кеткен жігітті шошытып жібереді. Бойынан мықты электр тоғы өткендей болып селк етті. Сасқалақтап қалғандықтан телефонды құлатып ала жаздайды. Жүрегі жарыс машиналарының қозғалтқыштары сияқты зыр етіп өте қатты соғып кетті. Терең мұңға батқан көздерін жердегі топырақтан көтеріп, сызаты бар телефонның экранына салады. Смс келіпті. Ашып қараса KCELL операторынан екен.


Жаңа смс (новое сообщение):


“Құрметті KCELL операторының абоненті. Келісім шартқа байланысты (3 тарау, 12 тармақ) KCELL байланыс желісімен жарты жылдан астам уақыттан бері қолданбағаныңыз үшін жақында сіздің нөміріңізге қызмет көрсету тоқтатыатыны туралы мәлімет жасаймыз”.


Алты айдан астам уақыт өтіп кетіпті ғой. Алты ай. Серік басын аспанға көтеріп, бір нәрсені іздегендей болды. Аз уақыт өтпей көзін жұмып, бір нәрсені елестетті. Бір мезетте жаны жеңілдеп қалып, сәл ғана екі езуі тартылды. Аңсағанын көз алдында көрген болар. Шын қуаныш сезімі барлық бойды алды. Кенеттен салқын ескен желден барлық елес шайылып кетті. Беті лезде сұрғылт тартып, қабағы түйілді. Еріндері сәл ғана жыбыр-жыбыр етеді. Ішкі жан дүниесінен қанша сөздер шығып жатса да, сыртқа бір де біреуі шығар емес. Бір сәтте екі көзден бірдей екі-үш ыстық жас төгіліп, жердегі топыраққа бірінен кейін бірі құлап, сіңіп кетті...


 


Серік жерге шарасыздықтан құлап кетіп, айғайлап, ақыра бастайды. Көкжиек жақта жайылып жатқан жылқылар үркіп кетіп, шаба жөнелді. Серік телефонды қайта қолына алып, өз- өзіне келуге тырысады. Біраз уақыт өткеннен кейін терең дем алып, ескі телефонның бас менюына кіріп, келген смс-қа (входящие смс) кіреді. Барлығы 71 смс екен. Лезде жоғарғы кнопканы басып ең бірінші смс-ты ашады:


Смс #1 Жіберуші: Балам


Смс:   “Мамуся!   Жұмыстан   келе   жатырмыз,   қарнымыз   аш! Хотим кушааааать! ”


 


Көктемнің шуақты күні ерекше болғандықтан ба, әлде кеше әдеттен тыс ерте жатқандықтан ба, Серік бұл жолы таңғы сағат алты болмай төсегінен оп-оңай тұрып, бұл күннің ерекше қызық өтетініне сенімді болған еді. Лезде спорттық әдеті бойынша денесін таңғы жаттығулармен қыздырып алып, таң атпай бақыртып қойған музыкасымен үйлесіп, үйдің төрт бұрышында бокстасып жүр. “Суф-суф, суф-суф”,– біраз демін тазартып алып



  • “Раз, раз, раз, два” деп, танауын тартып-тартып алып, “Таааак енді отжимание және пресс, сосын душ! Аһ, қандай керемет күн!” – деп жатқанда артқы жақтан еденнің үстінен жүгіріп келе жатқан жалаң аяқтың дауыстары естіле кетті. Серік бұрылып қарайын деген еді,  үлгермеді, арқасына қарындасы секіріп кеп


 


мойнынан құшақтай кетіп, ағасының бетінен шөлпілдетіп сүйе бастады:



  • Қайырлы таң, ағашка!

  • Қайырлы таң, Дания! Неге ерте тұрдың? Сенің әлі уақытың бар, бар ұйықтай тұр. Мен оған дейін саған кашка жасап берейін. Сосын бала бақшаға барамыз, жарайды ма? – деді Серік қарындасын құшақтап, әрі қытықтай бастап.

  • Ахахахахаха, қойшы ағашка, қытықтамашы! – күліп жатып әрең-әрең айқайлап жатыр.

  • Жарайды ма деймін?! – Серік Данияның тәтті иісін бір иіскеді.

  • Жооооқ кашка жемеймін! Қара қоян сүтпен жеймін!

  • Ахахаха қара қоян сүтпен дейсің бе? Несквик па?

  • Иә, неквик!

  • Неквик емес, Несквик!

  • Нескрик!

  • Ахахаха НЕС-КВИК! Осылай айтшы! Дұрыс айтпайынша ішпейсін!

  • НЕС-КВИК! Урааааа! Айттым! – деп Дания екі қолын шапалақтап Серікті айналып жүгіріп жүр...


Музыканың қатты даусы, әрі балалардың шулауынан, анасы оянып кетіп, балаларының не істеп жатқандарын есіктің табалдырығынан қарап тұр. Есікті бір-екі рет оң қолымен қағып балалардың назарын өзіне алды да, күлімдеп тұрып:



  • Лоторея ұтып алғансыңдар ма?! Не деген шу мынау таң атпай?


 



  • Маааам үйде несквик қалды ма? – деді Серік жерден Данияны көтеріп жатып.

  • Кеше өзің соңғысын бітіріп тастадың ғой!


Дания түсінбей қалып, сосын лезде айғайлап Серікті ұрып жатып:



  • Ағааашка ойнамаймын сенімен! Бәрін ішіп қойыпсың ғой!

  • Ахахаха кешірші жаным, бүгін міндетті түрде жаңасын алып беремін! Ал әзірше екеуміз тәтті кашка жейміз! Жарайды ма, күнім сол?


Дания күліп қайтадан Серікті құшақтады да:



  • Жарайды ағашка, я ж тебя люблю! Бірақ ұмытып кетпе!


Әйтпесе


ойнамай қоямын сізбен! Кашка болса кашка жейік, бірақ қанты көбірек болсын!


Серік мамасына қарап:



  • Естідіңіз бе,   мамочка?   Дочаңыз   кашку   хочет!   Тәттіректеу болсын, а то


бізбен   ойнамай    қояды!   Барлығы   күліп   жіберді   де,   мамасы Серікке қарап:



  • Вот, әкеңнен аумай қалған шустрый! Бар, өзің жаса, үйленіп бала бағатын кезің келді, ал сен жүрсің элементарный каша жаса алмай!

  • Нууу, мааааам! Пожалуйста, жасап беріңізші! Өтіненім, бүгін ғана, ертең өзім жасаймын!


 



  • Айттым ғой жоқ деп, осылай тұра берсек, қаріз екеуміз де жұмыстан


қаламыз! Бар үйрен! Бірақ кухняны өртеп жіберме!


Анасынан ұтылғанын сезіп, Серік енді “жарайды” дей берейін деген еді, Серіктің қолындағы Дания мамасына жалынышты қарап:



  • Мамочкаа, ағашканың кашкасы тәтті емес! Сіз жасап беріңізші! Сіздікі несквик сияқты тәтті!


Қызының аузынан шыққан тәтті сөздер сондай шын естіліп, анасы күліп, Данияға:



  • Жарайды ботақан, олай болса қазір каша жасап берейін, Серік онда


ертең жасасын! Ай аферисттерім менің!


Серік пен Дания бір-біріне қарап күліп жатыр. Серік Данияны тағы да бір иіскеді де:



  • Рахмет, алтыным сол! – деп құлығына сыбырлады.


Серік жақында “Cortezari” атты итальяндық жиһаз компаниясына стажировкаға тұрған еді. Бұл компанияда жұмыс жасау Серіктің осыдан екі жылдан астам уақыттай келе жатқан арманы болатын. Жұмысқа күнде барлығынан ерте келіп, берілген тапсырмаларды өте қысқа мерзімде тиянақты орындағандықтан қызметкерлердің, бөлім жетекшілерің, бастықтардың көзіне жақсы жағынан түсіп жүретін. Айналасындағы адамдар Серікті ерекше құрметтейтін еді. Бұл жолы да жұмысын ерте орындап тастап, түс қайта үйіне аттанған


 


еді. Жұмыстан шығып, көше бойымен аспанға ұмтылған бір үлкен үйді өтіп, бағдаршамнан оңға беттеп, кішіректеу үйдің астында орналасқан супермаркетке кірді. Бүгінгі Данияға берген уәдесі бойынша іс-сапармен жүрген болу тиіс. Қарны аш болғандықтан дереу супермаркеттегі көмекші қыздарды іздеуге тырысты. Жеміс-жидек бөлімі жақтан қызыл сауда киімін киген жұмысшының арқасын байқап қалды. Тезірек жақындап, иығынан сәл түртіп:



  • Кешіріңіз, бұл жерде Несквикті қайдан табуға болады? – деді. Өлең тыңдап,             алмаларды   реттеп   жатқан   қыз   шошып   кетіп Серікке қарап бұрылды да:

  • Аа! Бір күні жүрегімді жарасыздар ғой! Алдыңғы жақтан келмейсіз бе? – деді бейтаныс қыз демін алып.

  • Ой, кешірерсіз, асығып тұрған едім, сізді қорқытатын ойым болмаған еді...

  • Сонда да қорқып кеттім ғой!

  • Қызық екенсіз, осы қорқынышты киноға барғанда залдың барлығын шулататын сіз емессіз бе?

  • Жо-жоқ, мен ондай киноларды жақсы көрмеймін, достарыммен барсақ тек комедияға ғана барамыз.

  • А мелодрама ше? Сіздің келбетіңіз бір атақты киноактрисаға ұқсап тұр, соның атын есіме түсіре алмай тұрмын.

  • Ол да супермаркетте сатушы қыз болып жұмыс істейді ме?

  • Әзіліңіз келбетіңізге    жарасады,    сұлу    қыз!    Сізді    киноға шақырсам болады ма?


 



  • Жоқ, рахмет,   менің   жігітім   бар,   кешіріңіз.   Несквик   анау йогурттар тұрған жақта, Бір, екі, үшінші қатарда. Сонда табасыз.

  • Ммм, рахмет...

  • Оқасы жоқ, сау болыңыз!

  • Ммм, маған бір кило алма беріңізші?

  • Алма? Жарайды. Тәттісінен бе, қышқылдауынан ба?

  • Сіз қандайын қалар едіңіз?

  • Менің жігітім бар!

  • Аа, иә, иә, тіпті ұмытып кетіппін ғой, қышқылдауынан бере беріңіз.

  • Мінекей, бағасын жапсырып бердім, кассада төлейсіз.

  • Маған тағы да груша бересіз бе?

  • Қанша килограмм?

  • Екі.

  • Жарайды.


Серік сол қыздың қасында мәңгі тұрып сөйлесе бергісі келді. Бір көргеннен ғашық болу деген осындай ма еді? Осындай болмаса, неге бұл қыз мықты гипнотезер сияқты бұл жігітті басын айналдырып тастаған? Не істерін білмей, Серік уақытты қалай созудың амалын табады!



  • Білесіз бе, маған тағы үш кило картошка, екі кило сәбіз, бір кило пияз, бір капуста, свекла, қиярдан үш кило, помидор, абрикос, ананас, кокос...

  • Тоқтаңызшы жас жігіт! Сіз осы Несквик іздеп келмедіңіз бе?


 



  • Иә, бірақ... Ммм бірақ... Сіздің жеміс-жидектеріңізді біраз адамдар “свежий” деп мақтаған болатын! Соны көрейін деген едім ғой!

  • Ааа, солай деңіз!

  • Солай-солай!

  • Жарайды онда, қазір барлығын салып беремін, ауыр болса мен кінәлі емеспін!

  • Ол жағын уайымдамай ақ қойыңыз!


Осыдан кейін Серік бір де бір үн қатқан жоқ. Бейтаныс қызды зерттеумен болды. Бұл қыздың сұлулығы, әдемі даусы, нәзіктігі, іс-қимылы – барлығы-барлығы сондай үйлесімді, сондай керемет еді. Ішінен не істерін білмей тұр өзі.


“Әттең-ай, жігітім бар дейді! Не істейін, қоя салайын ба, әлде жігітімен тартысып көрейін бе? Шынымен де, бұл қыз қандай керемет! Менің барлық параметрлеріме сәйкес келіп тұр ғой! Әлде жігіті жоқ шығар, әшейін әрбір адаммен таныспас үшін айтады ма екен? Жоқ, жоқ, бұндай красавицада жігіттің болмауы мүмкін емес. Бірақ олардың махаббатарын бұзып қайтейін, обал болар. Бірақ мен де бақытты болғым келеді, бұл ханшайым үшін Самұрық құстың алтын жұмыртқасын алып келуге дайынмын! Шіркін-ай, бұл қыз менікі болса ғой! Шын бақытты қылар едім! Тааак, ойлан Серік, ойлан! Әттеген ай, жігіті болмағанда ғой! Жарайды, басыңнан тастай сал, жүрегіңе тым жақын қабылдама! Біреудің махаббатын бұзба! Егер тағдыр болса, болашақта әлі кездесесіңдер!”.


 


Сонымен Серік супермаркеттен бес-алты үлкен ауыр пакеттермен әрең шықты. Данияның бала-бақшасы осы жақын маңайда орналасқан. Серік соған жол тартты.


Дания бала-бақшаның кіре берісіндегі орындықта қуыршақ ойнап отыр екен. Серікті көре сала, орындықтан секіріп түсіп, ағашкасына жүгіре жөнелді.



  • Ағашка осыншама тамақты қайда алдыңыз? Пакеттеріңіз өзіңізден дәу ғой! Ауыр шығар? Маған беріңіз, қолыңыз ауырып қалады, – деп өзінен үлкен пакетке жармасып жатыр.

  • Ахахаха тамақты қайда алушы еді, әрине үйге! Одан да сен мынау қара қояныңды ал, – деп Серік Данияға Несквикті беріп жатыр.

  • Жарайды ағашка! Бірақ сіз мықты боксерсіз ғой, сізге бұл жүктер


жеп-жеңіл шығар!


Серік енді отырып, шаршығанын басып, дем алайын деген еді, қарындасының бұндай сөздерінен кейін иығын артқа кеңінен жайып, Данияға күлімдеп:



  • Әрине, жеп-жеңіл! Жүр такси ұстап үйге барайық, сенің де қарның ашқан шығар.

  • Иә, мынау тамақтардың бәрін бітіру керек! – деп, екеуі жол бойына беттеді.

  • Серік портмонесін ашып қараса, ақшасы қалмапты, тиындар ғана қалыпты. Есіне қайтадан сол бейтаныс қызды алып, автобус аялдамасына беттеді. Үйлерінің алдына дейін баратын автобус


 


көп күттірмей келді. Серік автобусқа отырып, ұялы телефонынан анасына смс жолдады:


“Мамуся! Жұмыстан келе жатырмыз, қарнымыз аш! Хотим кушааааать!”.


***


Күн бұзылайын дей бастады. Серік қызыл раушан гүлдерін жерге ақырын қойды. Сызаты бар ескі телефонның жоғарғы кнопкасын басып, келесі смс-терді оқи бастады.


Смс #15 Жіберуші: Балам


Смс: “Урааааааа!! Сүйінші мамуся!”...


... Бүгін Серіктің демалыс күні еді. Кеше достарымен көңіл көтеріп үйге кеш келгендіктен, сағаттың тілі он екіге тақай бергенде көзін ашты. Мамасы жұмысқа кетіп қалған, Дания өз бөлмесінде жоқ. Кухняға барса, столдың үстінде А4 пішінді ақ қағаз жатыр екен:


“Дания     садикте,     тамақты     жасап    кеттім,     Бақыт     апайдан құжаттарды алып менің жұмысыма алып кел. Целую. Мамочка ”. Серік біраз керіліп, тамағын ішіп алды да, Бақыт апайдың үйіне жол тартты. Есік алдына шыға бере есікті жапқанын, не


жаппағанын еске алып келеді.



  • Жаптым ба өзі, әлде жаппадым ба? Емаее, барып тексеріп көре салайын,– деп қайтадан төртінші қабатқа көтерілді. Барып қараса жапқан екен.


 



  • Осы әдетімді қашан қоямын? Әлде боксқа барғандардың көбісі сондай


ма? – деп ішінен ойлап келеді.



  • Сағат үштен кете Серік анасының жұмысына келіп қалған еді.


Серіктің


анасы – Айғаным, мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Математиканы жек көретін балалар Айғаным апай келгеннен бері сабаққа деген көзқарастарын өзгерте бастады. Балалардың айтуы бойынша, Айғаным апай сабақты берген кезде әрбір есепті, мысалды өте жеңіл тілмен оп-оңай түсіндіреді. Бұрында екі мен үшке оқыған балалар қазір төрттен төмен баға алмайтын болған. Өмірлік мысалдармен байланысты есептерді шығарған кезде барлық сынып оқушылары бір-бірімен жарысып тұрып жауабын табады. Айғаным апайды барлық мектеп оқушылары өз анасындай жақсы көретін еді.


Серік мектепке кіріп, анасына құжаттарды беріп жатқанда, телефоны шырылдап қалды:



  • Алло? Иә, иә, мен Серік Жексенов. Ааа, Асқар Әлжанович, тыңдап тұрмын сізді. Жұмысқа келмегенде бүгін менің демалыс күнім емес пе? Өзіңіз бекіткен едіңіз ғой... Жарайды қазір келіп түсініктеме жазып кетемін...

  • Не болды балам? Тыныштық па?

  • Білмеймін мам, басеке телефон шалып, айғайлап жатыр.

  • Онысы несі? Не болып қалды? – деді анасы жүрегін ұстап.


 



  • Өзім де түсінбей тұрмын, даусы өте қатаң. Асқар Әлжанович ешқашан бұлай сөйлемейтін еді. Түк түсінбей тұрмын не болғанын.

  • Бір нәрсе бүлдіріп алған боларсың құлыным?

  • Білмеймін, анау аптада ғана итальяндықтармен келісім шарт жүргізген едім өте үлкен қаражатқа... Содан, барлығын реттеп қол қойғаннан кейін, мені мақтаған еді. Бүгінге демалыс берген. Бас офисқа дереу келіп жұмыстан шығуға арыз жазсын дейді. Енді не қылдым анашым?

  • Көп уайымдама балам, бәрі жақсы болады. Бұл жұмыс сенің арманың еді ғой. Бұлай болмауы тиіс. Бір қателіктер болған шығар. Сабыр сақтап, жұмысыңа барып бәрін біліп кел. Көп уайымдама, Данияны бақшадан өзім алып кетемін. Барып білгеннен кейін хабарыңды міндетті түрде бер. Бар енді жүгір балам.

  • Жарайды мамочка, сіз де уайымдамаңыз. Мен кеттім. Айтпақшы, Бақыт апай сәлем айтқан сізге.

  • Сәлемет болсын, абайлап жүр, – деп, баласының маңдайынан бір иіскеді...


Жол бойы терең ойға батып келе жатқан Серік енді міне жұмысының кіре берісінде тұр. Терең дем алып, “Біссімілләдан” бастап табалдырықты аттап, офисқа кірді. Кірсе, ішінде тірі жан жоқ. Тек қағаз басып жатқан принтердің дауысы шығып жатыр. Серік түсінбей барлығын іздей бастады. Ешкімді таппағаннан кейін бастығының кабинетінің алдына келді де, есікті қақты:


 



  • Асқар Әлжанович?!


Тым тырыс. Тағы қаттырақ қағып:



  • Асқар Әлжанович?! Кіруге рұқсат па? Тым тырыс. Бір кезде қатты ашулы дауыс:

  • Зайди немедленно!


Серік есікті енді ашып кіре берген еді, “Пууух” етіп шампанның пробкасы атылып, күллі коллектив айғайлап, шапалақтап жіберді. Достары жүгіріп келіп Серікті көтеріп, иықтарына отырғызып, айналдырып жүр. Барлығының шектері қатып күліп жатыр. Кабинетте толған шарлар, музыка қосылып, барлығы дастарханға ұмтылды. Бастығы шампанды қолына алып, қасықпен ұрып жатып сыңғырлы дауыс шығарып, қолын көтерді:



  • Құрметті ұжым! Бүгінгі күннен бастап Серік Жексенов “Cortezari”


итальяндық жиһаз компаниясының атқарушы менеджері болып тағайындалсын! Сол үшін алып қояйық!


Серік шексіз алғысын компания ұжымына айтып, сыртқа бес минутқа шығып келемін деп кетті. Кабинеттен шыға сала, маңдайындағы терін сүртіп, күліп жіберді. Қалтасынан телефонынды алып анасына смс жазды:


“Урааааааа!! Сүйінші мамуся!”


Есік шырылдағанда Айғаным апай мен Дания тезірек есікке қарай ұмтылды. Қуанышына шек жоқ, Серік анасын құшақтап, бетінен сүйіп, Данияны көтеріп алды. Қолындағы үлкен торт пен


 


кәмпиттерді кухняға алып барды. Анасына мән-жайдың бәрін айтып берді.  Анасы:



  • Балам шешінбей қоя тұр, магазинге барамыз!

  • Онысы несі мам?

  • Ол сенің сүйіншің! Саған барып Iphone алып береміз Дания екеуміз!

  • Мааам, қойыңызшы, ол қымбат тұрады ғой! Әшейін қуанғаннан сүйінші дегенім ғой!

  • Болды, болды, артық сөзді доғарымыз! Жүр тезірек, әйтпесе қазір магазин жабылып қалады!

  • Нуу маам, сіз мектепте мұғалім болып істейсіз ғой, айлығыңыз итак то аз!

  • Құлыным сол, сен енді итальяндық фирмада жұмыс істейсің! Сенде ең жақсы солидный телефон болу керек! Кредитқа ала саламыз, ай сайын аз ақша шығады! Болды есікті жап!

  • Нуу рахмеет, маам! Сіз әлемдегі ең керемет мамусясыз! – Серік анасын


құшақтап кезек-кезек екі бетінен сүйіп жатыр.


Үйдің есігі тарс жабылып, үйдің ішін тыныштық басты. Тек сағат тілінің қозғалысы ғана аздап естіледі. Тик-так, тик-так. Кухняда әлі кесілмеген әдемі үлкен торт тұрса, залда Серіктің ағаш рамкадағы мадақтама қағазы үстелдің үстінде тұр.


***


Аспан бұлттанып, күн мүлдем көрінбей кетті, Серік жерге отырып, келесі смс-ты ашты:


 


Смс #38 Жіберуші: Балам


Смс: “Мам бүгін Беріктің туған күні екен. Ужинға келмеймін. Кеш келемін”... Күндегі әдеті бойынша Серік таңғы сегізден кете автобуста жұмысына кетіп бара жатқан еді. Орындықтан тұрып шығатын есікке беттей бергенде бір таныс келбетке назар аударды. “Бір жақтан көрген сияқтымын” деп, еске түсіріп жатқанда, жаңағы жігіт:



  • Үй, Серік сенбісің өзі?

  • Берік?

  • Аааа, қалайсың бауырым! Көріспегелі қанша жыл болды? Аманбысың?

  • Шашыңды неменеге тақыр қылып алып тастағансың, сені зонадан шыққан банды деп ойлап қалсам!

  • Ахахахаха! Ал сен тура сол университеттегі қалпың! Дым өзгермепсің! Ах Серік, Серік, сені көргеніме қатты қуаныштымын!

  • Айтпа! Қанша жыл өтті! Не хабар, бауырым? Мен қазіргі аялдамадан шығамын, нөміріңді айтып жібер кешке қарай хабарласам! Айтатын әңгіме көп!

  • Тоқтай тұр Серік! Сен не мені туған күніммен құттықтамайсың ба не? Ааа? Давай кешке жұмысыңа кіріп алып кетем сені!


 



  • Да нууу! Туған күніңмен братан! Болды какой разговор! “Cortezari”, жиһаз дүкені. Сағат жетілерде босаймын. Білесің бе қайда екенін?

  • Охооо, білмегенде! Атақты итальяндық жиһаздар емес пе? Ну молодец бауырым, қуаныштымын, басеке болып менсінбей кетпе студенттік достарыңды!

  • Қой бауырым,қайдағыны айтпай!

  • Әзіл ғой! Дайын отыр, кешке алып кетеміз!

  • Онда көріскенше!


–Мхм, давай бауырым, абайлап жүр!


Кешке қарай Беріктің үйінде отыздан астам адам шулап билеп туған күнді тойлап жатқан еді. Серік телефонына қараса, анасынан екі рет телефон қоңырауы келген екен. Музыка қатты ойнағандықтан, Серік анасына смс жазып жіберді:


“Мам бүгін Беріктің туған күні екен. Ужинға келмеймін. Кеш келемін”


Туған күнді тойлап отырғанда, кешкі онға қарай Серіктің телефонына смс келді. Эльмирадан екен. “Сәлем, қалың қалай? Қолың бос болса бүгін көріссек, қалай қарайсың?” Серік қуанып кетті. Туған күн туралы мүлдем ұмытып кетіп, далаға қалай шыққанын өзі де түсінбей қалды. Эльмира – Серіктің мектеп кездегі махаббаты еді. Қанша жыл өтсе де оның жүрегі Эльмира дегенде дір-дір ететін. Екеуі қыз бен жігіт болып жүріп көрмесе де, олардың ортақ достары екеуін бірін-бірі керемет толтыратын


 


жұп деп білетін. Серік Эльмираға телефон шалып, такси ұстап, Эльмираның есік алдына келді.



  • Сәлем, Серік! Қалың қалай?

  • Сәлем, жақсы, өзің? Не хабар?

  • Сол жақында АҚШ-қа аттануым керек.

  • АҚШ? Онда не жоғалтып алдың? Жұмыс бабымен ба? Қанша күнге? Қашан кетіп, қашан келесің?

  • Жай жұмыс бабымен, келесі аптада аттанатын шығармын, сол сенімен көрісейін деген едім.

  • Сағындым де онда?

  • Ой ой ой!

  • Ал мен сені сағындым!

  • Шын ба?

  • Мен саған бір де бір рет жалған сөйлеп көрдім бе?

  • Ммм қайдан білейін? Солай шығар... Ал сенде не жаналық, Серік? Жұмысың қалай?

  • Жұмыс орынша, жаңа ғана досымның туған күнінен келе жатқан едім.

  • Аа, бәсе, неге тез келе қалды десем!

  • Қойшы Эльмира, жүр одан да көше бойымен жүріп келейік, бүгін ауа-райы тамаша болып тұр.


Серік Эльмираны қатты сағынып қалыпты. Оның иіс суын қайта- қайта иіскеп, көзіне тіке қарап, Эльмираның ішкі дүниесін оқығысы келді. Ең қызығы, Серік қаншама рет түпсіз терең әдемі


 


көзге қараса да, ештеңе оқи алмады. Мүмкін содан болар, Серіктің Эльмира ғашық болып жүргені.



  • Дала салқындап барады, осы үйдің ішкі жағында керемет кофехана бар, соған барайық,– Серік Эльмираның қолын ұстап кофеханаға кірді.


Екі дос бір-бірінен көздерін алмай, ұзағынан әңгімелесіп отырды. Әңгіменің көбісі екеуінің күлкісімен жалғасып отырды. Бір-бірін сағынып қалыпты. Серік кейде Эльмирының ерніне қараса, кейде оның ұзыннан төгіліп тұрған қара шашына қарайды.


Біраз уақыттан кейін Эльмираның телефоны шырылдайды. Бұрынғы жігіті екен. Телефонмен сөйлесіп қайда екенін, кіммен жүргенін сұрастырып жатыр. Эльмираның бұрында айтқан сөздерінен ол Серік туралы біраз естіген болатын. Бірақ ешқашан көрмеген. Нақты қайда отырғандарын біліп, қазір келетінін айғайлап айтып жатыр. Серік телефондағы барлық сөздерді анық естіп, Эльмираға үндемей қарап отыр. Не істеп, не дер екен деп, тағы біраз минуттай үн қатпады. Эльмира да тып- тыныш отыр.


Мен де өз ойыммен отырмын. “Еһ әйелдер ай, сендердің не қалап, не қаламайтындарыңды осы кім білсін? Кім түгілі өздерің де не қалайтындарыңды білмейтін шығарсыңдар! Тым болмаса, біздің сезімдерімізге қарсы бір қадам жасасаңдар, не болмаса, бір белгі берсеңдер, бізге қандай түсінікті болар еді! Еһ, кім білсін сендердің бастарыңда не болып жатқанын...”


 



  • Жарайды, Серік, үйге қайтайық, кеш болды.

  • Қайтсақ, қайтайық, жүр сені шығарып салайын.


Екеуі далаға шығып, жақында тұрған Эльмираның үйіне бет алғанда, оң жақтан біреу машина сигналын беріп, фарысымен жалт-жұлт етті. Серік оған мән бермей, Эльмираны жолдың екінші жағына дейін өткізіп салды. Әрі қарай екі-үш қадам жасай берген еді, сол машина жақтан біреу ысқырып, Эльмираны шақырды. Серік Эльмираға күлімдеп қарап:



  • Қазір осында тұра тұр, сенің досың ішіп алған тәрізді, – деді де, Эльмираны құшақтап иісін бір иіскеді.


Жолдың бағанағы шетіне келіп, машинаға қарай беттеді. Капотындағы жігіт кілтпен сермеп отырып:



  • Ей, сен ба, Серік деген?


–Иә, мен Серікпін, ал сен кімсің?



  • Мен Эльмираның жігітімін, боқмұрын, ұқтың ба?

  • Қателесіп тұрсың достым, сен бұрынғы жігітісің. Қазір оның басы бос.

  • Қазір оның басы бос?! Кім айтты оны саған щегол десе? Мен оның жігітімін!

  • Эльмираның мазасын алма, оның өз қалауы өзінде қалсын.

  • Сен өзі қалай сөйлеп тұрсың, а? Мен Эльмира үшін шешім қабылдаймын, және мен шешем оның не істеп не қоятынын. Осыдан Эльмираға жақындаушы болма, ұқтың ба? Сен Эльмирамен осыдан кейін мүлдем сөйлеспейтін боласың, ұқтың ба мені?


 



  • Мен ерікті адаммын және ешкім маған ешқашан нұсқау беруге қақысы жоқ.

  • Мен саған қайталап айтамын: сен Эльмирамен бұдан кейін сөйеспейсің! – деп, екі қолымен Серіктің киіміне жабысып, басымен түрткілей бастады. Серік көп ойланбай оң қолымен жақтан салып жіберді. Жігіті шымырлау болу керек, бірден құламады. Жерге тізерлегендей болды да, ақырып тұрып Серіктің аяғының астына кіріп кеттіп жерге жығып салды. Екеуі апыр-топыр болып аунап, жұлқыласып жатыр. Төрт қол пытырлатып жан-жаққа кетіп жатыр. Серік жігіттің қойнынан шығып кетті. Екеуі жерден тұрып, бір-біріне атылайын деп тұр. Жігіт енді бір қадам жасап сол қолын сермеп қалған еді, Серік қолының астынан өтіп оң аяғымен жігіттің санынан жабыстырып жіберді де, оң жұдырығымен сұғып алғандай жақтан тартып жіберді. Қан жерге бұрқ ете қалды. Осы кезде Эльмира жүгіріп келді де екеуін арашалай бастады.

  • Болды жетер енді! Серік қайт үйіңе! Серік терең әрі тез дем алып жатып:

  • Эльмира, мен сені сүйемін ғой. Қалайша мына адаммен жүргенсің?

  • Сенің сүйетініңді қайтейін, біз бұл адаммен тұрмыс құрамыз деп уәделескенбіз...


Сол сөзден кейін Серіктің жүрегі қанға толған болатын. Не дерін білмей, қызарған көздерін ғашығынан аулақтатып, көше жаққа қарай сәл ақсаңдап жол тартты. Сүйгеніне жай ғана естілер-


 


естілместей    айтқан    соңғы    сөзі    “Қош    бол,   жаным,    қош...” болатын.


***


Смс #53 Жіберуші: Балам


Смс: “Қарызға $10 000 бересіз ба?!)))”


... Көктемнің шуақты күндерінің бірінде Серік Данияны бала- бақшадан әдеттен тыс ерте алып кетті.



  • Ағашка бүгін ерте келдіңіз ғой?

  • Иә, біз қазір аттракциондарға барамыз!

  • Ураааааа!


Парктің ішінде адамдар көп екен. Бұл жерде жасы сонау бірнеше айлық баладан бастап әрең-әрең жүрген шал мен кемпірлерге дейінгі түрлі-түрлі адамдарды кездестіруге болады.



  • Ал, ботақан, қайсысына барамыз?

  • Паровозик! Менің ең сүйіктім, ту-ту!!

  • Ахаха жарайды кеттік!


Аттракциондардың түгелге жуығында ойнап болған соң, Серік Данияны далада орналасқан кафелердің біріне алып барды.



  • Ал, ханшайымым сол, не тамақ жейміз қара қояннан басқа?

  • Балмұздақ!

  • Жоқ, бамұздақ болмайды, күн әлі салқындау, ауырып қаламыз, сосын басқа бұл жерге келе алмаймыз.

  • Ааа иә, иә дұрыс айтасыз, ағашка! Үлкен адамдар шынымен де ақылды екен ғой!


 



  • Ендеше дәмді пирожки мен ыстық шай ішейік, сосын үйге барамыз

  • Жарайды ағашка!


Тамақтанып алған соң, парктің ішімен асықпай келе жатып лоторея ойынын байқап қалады. Дания Серікті түрткілеп:



  • Ағашка, ойнайықшы!

  • Бұл ойындар өтірік қой! Сенбей ақ қой ондайларға. Одан да саған шоколад алып берейін.

  • Жоқ, ағашка, мен ойнағым келеді, теледидардан анау кезде көрсетті ғой, бір адам миллион ақша ұтып алғанын. Біз де ұтайық!

  • Ал қоймадың ғой, жүр бағымызды сынап көрейік онда.

  • Мынаны өшір, мынаны өшір және мынаны өшір. Қап шықпай қойды!


Осылай бірнеше рет ойнап, еш нәрсе ұтпағаннан кейін:



  • Болды, Дания, кеттік үйге көрдің бе, түкте жоқ!

  • Жарайды, соңғысын онда ойнайықшы, бірақ өзіңіз өшіріңіз. Соңғы билеттен бір ғажап болып Серіктің лотореясына машина ілігеді. Серік    қуанып,   Данияны            көтеріп     аспанға       лақтыра бастайды. Дания Серікке:

  • Ааа, көрдіңіз бе, үлкендердің барлығы ақылды емес пе екен! Серік билет бойынша компанияға келіп жүлделі машинасын алуға келген еді. «Киа» атты судай жаңа көлікті ұтып алыпты. Әңгіме барысында осы лотореяда осыған дейін басқа адамдар Мерседес көлігін ұтып алыпты. Бірақ олар жүлдені ақшалай


 


алғысы келген екен. Сонымен келісім шарт бойынша егер Серік үстінен $10 000 қосып берсе, Мерседес көлігін алар еді. Серік бірден анасына смс жолдады:


“Қарызға $10 000 бересіз ба?!)))”


Үйге келіп, барлық мән-жайды анасына қуанып айтып берді. Анасы Серіктің ең жақсы көлік айдауын қалап, баласына келісімін берді.


***


Соңғы смс


Жіберуші: KCELL операторы


Смс: “Пропущено 108 звонков”


... Сағат түнгі он екі енді бола берген еді, Серіктің телефоны шырылдап кетті. Бүгін Серіктің туған күні. Түні бойы келген қоңыраулар мен құттықтау хабарламалары түн ұйқысын төрт бөліп, тәтті ұйқысын алған болатын. Таң атысымен кухняға барса, анасы мерекелік салат-тағамдарды жасап жатыр екен.



  • Туған күніңмен, күнім сол! – деп, Айғаным баласын құшақтап құттықтап жатыр.

  • Рахмет, мамочка! Сізді де мерекеңізбен! Мені дүниеге алып келген сіз болғандықтан, бұл сіздің де аса күткен ұлы мерекеңіз!

  • Міне, мынау салатты жей ғой! Қазір жұмыстан қаласың. Қазір керекті заттарды қағазға жазып беремін, соларды жұмыстан кейін алып келе сал.

  • Әрине, мам, бүгін түскі астан кейін үйге сұранып келемін.


 



  • Байқа абайлап жүр, ременіңді міндетті түрде салып, машинаны ақырын айда.


Серік жұмысынан шығып керекті заттардың барлығын алып үйге келді. Үйде анасы мен Бақыт апай түрлі салаттар жасап, кешке тойлайтын дастархан жасап отыр екен.



  • Осыншама тамақты не үшін жасап жатырсыздар?

  • Кешке қонақтар келеді, туысқандармен отырып тойламаймыз ба? Әзірше барып үйді жинап қой.

  • Бірақ мен кешке жақын достарыммен тойлаймын ғой!

  • Достарыңмен әлі үлгересің. Онсыз да туысқандармен дастархан үстінде сирек кездесетін болғанбыз.

  • Ой, қойыңыздаршы осы, туысқандар, туысқандар деп. Ішеді, жейді, кетеді емес пе? Мен әлі жақсы кафе іздеп, заказ беріп кетуім керек. Үлгермеймін ғой мама.

  • Үлгересің, бар енді үйді тез жинап таста.


–Тууу, емае!


Үйді   жинап   болғаннан   кейін   Серік   киініп   жатқанда,   анасы бөлмеге кіріп:



  • Балам, бағана кукуруза мен салфетканы ала сал деп айтуға ұмытып кетіппін. Машинамен тез барып келе салшы.

  • Ой мама, неге бағана айтпадыңыз! Енді қайтадан әрі-бері жүремін ба?

  • Ештеңесі жоқ балам, бастысы қатты айдама, ременді салуды ұмытып кетпе.


 



  • Осыдан кейін қалай қатты айдамайсың, и так то уақыт жетпей жатса!


Серік есікті тарс жауып, далаға шығып кетеді. Сағат кешкі жетіден асқан еді. Үйде Бақыт апай мен Айғаным апай ғана:



  • Бақыт, мен өзі балама еш нәрсе алмаппын ғой! Күні бойы ас әзірлеумен жүрмін, сен әзірше дастарханды әзірлей тұрасың ба, мен тез жүгіріп барып сыйлық сатып алып келейін?

  • Әрине жүгір-жүгір, өзім барлығын реттеп қоямын. Бағана саған балаң ренжіп кетті ғой, көңілін көтеру үшін жақсы сыйлық ал!


Анасы сауда орталығын аралап Серікке сыйлық іздей бастайды. Баласына не аларын білмей, шексіз көп заттардың арасында жоғалып кетеді: көктемгі жеңіл жемпір, галстук, сағат, ручка, портмоне, очки, сувенирлар, кітаптар... Біраз уақыт аралап әйтеуір ұнайтын шығар деген үмітпен әдемі коробкаға оралған сыйлықты алады да, асығып, үйге қарай жол тартады.


Серіктің телефоны қайта-қайта шырылдап, туған күніне айтылған қаншама құттықтау жылы сөздер қабылдап жатты. Көшеде ымырт басып, жолдың жиектері көрінбей, даланы жеңіл тұман ала бастады. Серік күліп әңгімелесіп отырған кезде, аяқ астынан оң жақтан қатты “Тарс!” еткен дауыс естіледі. Машинаның алдыңғы терезесі сол сәтте жарылып кетеді де, сақтандыру жастығы Серікке қарсы ашылып кетеді. Серік не болғанын түсінбей қалады, айналаның барлығы тұман, құлағы “зың” қағып, өз-өзіне келе алмай отыр. Мұрнынан қан ағып, шеке жағы сәл жарылыпты. Лезде куәгер болған адамдар жүгіріп


 


келіп, Серікті машинаның ішінен шығарып алады. Аз уақыттың ішінде есін жиып, айналасына қараса – бір адамды қағып кетіпті. Жан-жүрегі, бүкіл дүниесі жанып жатып айғайлап жатыр. “Жоқ, бұл мүмкін емес! Қалайша мен бір бөтен адамды қағып кеттім? Бұл түс болуы керек. Неге мен? Неге мен?” Айналада барлық заттар шашылып жатыр. Жақындап келіп қаққан адамын қараса



  • өзінің анасы екен... “Жооо жоооқ, бұл мүмкін емес, жоооқ...”. Серік тілін жұтып қойғандай болып еш бір сөз, еш бір дыбыс, еш бір үн шығара алмай отыр. Анасының аяқ астына құлап түсіп, дірілдеген қолдарымен анасын сипалап жатыр. Бір мезетте анасы сәл ғана көзін ашып, Серіктің қан аққан бетін көріп: “Құлыным... сол! Қаншама рет... айтқан едім ғой... айдағанда белдікті... тағып жүр деп!” – анасы баласынан көзін алмай, аянышты қарап, біраз жылап алып: “Қатты... жарақаттанып қалдың ғой, балапаным... менің”. Серік үн қата алмай отыр. “Жылама балам, ер адамдар көз жасын көрсетпейді. Сені туған күніңмен құттықтамадым да ғой!”– басын басқа жаққа бұрып бір нәрсені іздегендей болды да, қолымен жерде шашылып жатқан заттарға қанға сіңген саусағымен нұсқап көрсетті, “Болды, жылама балам, мен саған ақ көйлек сыйла... сыйлаға... сыйлағым келіп е-д-і...” деп, соңғы демін шығарды. Серік анасының алақаның қысып біраз отырды. Бетінен сүйіп, маңдайынан қайта-қайта иіскей берді. Анасы көрсеткен жаққа барып, әдемі қораптың ішіндегі ақ көйлекті қолына алды. Анасының қасына келіп, үстіндегі киімін шешіп, ақ көйлекті киіп алды. Анасының шашын ақырын сипалап


 


жатқанда, көйлектің қол жағындағы 14900 тг деп жабыстырулы тұрған қағазды байқады. Көзімен сол қағазға үңіліп қарап отырса да, ойымен мүлдем басқа жақта болған еді.


 


P.S Бір күні, кешке қарай, ең жақын үш достардың арасында кішігірім пікірталас басталған еді. “Қазіргі кезде жастардың ішкі рухани байлығы құрыған, құлақтарында наушник, тыңдайтындары әлгі клубтағы мағынасыз туц-туц-туц... Еш тәлім-тәрбие жоқ, ал оның орнына Бах немесе Моцарт болса ше? Қандай әуезділік, қандай музыка, қандай симфония! Менің ойымша классикалық музыкада өскен адам нағыз адам болады!”


– деді бірі, актерлік ұзын шашын оң қолымен артқа сипап. “Солай де? Ал менің ойымша нағыз адам – ол табиғат адамы! Құстардың үнін естіп, бұлбұлдың сайрағанын жүрегінен өткізіп, орманның ішінде табиғатпен бір болып, тұтас болып өскен адамның рухани байлығы, адамгершілігі мол болады. Сиқырлы салқын жел соғып ағаштардың сырғалары ойнағанда, таудан мұздай өзеннің суы гүрілдеп аққанда адам әуезділікті, симфонияны табады емес пе? Міне, сол әлемдегі ең керемет музыка!” – деді екіншісі ұзыннан кеткен қара сақалын сабырлы сипап. Үшіншісі сәл тұрып “Ей достарым, қазір дереу үйлеріңе барыңдар да, құлақтарыңды аналарыңның жүрегіне қойыңдар. Сонда сендер әлемдегі ең керемет музыканы да, симфонияны да табасыңдар...”деді. Бұл Серік еді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу