👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  26.05.2021
  69


Жанна Жұмабаева

Төзім деген не?

"Төзім" деген сабырлықтың бір сыңары
Онымен байланысқан өмір сәні
Уақыттың өтіп жатқан желісімен
Адамның кім екенін ұқтырады

Бұл төзім "ашудай" дұшпаныңа
Күші жоқ екендігін танытады
Мінезі жұмсақ жанның тағдырында
Жүрегін үнсіз ғана ауыртады

Төзімі бойында бар адамдарға
Көрсетер жақын етіп алыстарды
Барлығы жақсы екен деп қабылдатар
Жақынға қолы жетпей жатса дағы

Сенеді келер күнге шын көңілмен
Уайымы тұншықтырып жатса дағы
Басқаның пікіріне қарап жүріп
Өзінің осалдығын байқатады

Бір алла өзі бәрін жөндейді деп
Өзінше тәуекелге аттамайды
Аз ғана қуанышқа риза болып
Уақыттың өткенін де байқамайды

Басқа жан риза болса болды екен деп
Өзінің жағдайын еш ойламайды
Өзгенің пікіріне басын изеп
Байқамай қалады өзі алданғанды

Шынында өмір бір -ақ берілмей ма?
Дұрыс па өзін -өзі ойламауы?
Төзімді емес жандар дей алам ба
Өзі үшін тіке тұрған адамдарды

Төзудің пайдасы да жоқ демеймін
Егерде құрметтесе төзген жанды
Керегінде төзімді болған дұрыс
Егерде өтіп жатса уақыт мәнді

Басқаның ойы мүлдем керек емес
Түсінсе болды емес пе жақын жаны
Өмірде ең ақылды кімдер? десе
Айтар ем барлығына төзген жанды


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы