Өлеңдер ✍️

  26.05.2021
  105


Автор: Қадыр Мырза Әли

Көргім келер Мексиканы, көргім келер Перуді

Көргім келер Мексиканы, көргім келер Перуді,
Ацтектердің храмдарын зіл тастардан өрулі.
Көргім келер піл жайылған жунглилі Үндіні,
Көргім келер Иерусалим, Палестина мұңдыны.
Көргім келер араб шөлін тосып жатқан күнге өзін,
Мекке менен Мединені, перғауындар күмбезін.
Көргім келер сонау алыс кенгурулар мекенін.
Қай жерде де ортақ күн ғой, жоқ ешқандай жеке күн,
Көргім келер Стамбулды, Парижды һәм Үрімді,
Олар бірақ ұмыттыра алмас туған далам — пірімді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу