Өлеңдер ✍️

  26.05.2021
  156


Автор: Қадыр Мырза Әли

Хайроллаға

Өмірдегі не бір жайсаң,
Қасқаның,
Қарап тұрсаң,
Ғұмырлары қас қағым.
Бәрі өткінші,
Бәрі, бәрі баянсыз,
Азды-көпті ақылыңнан басқаның...
Қарап қалған заман емес айлыққа,
Қиындықтың құқайынан қаймықпа.
Бәрі өткінші,
Бәрі, бәрі баянсыз,
Әсіресе, сенбеу керек байлыққа!
Бір күндері
Әділдікке мұң шағып,
Бал жеп жүріп у жұтқандар қаншалық!
Хан сарайдан артық үйі кедейдің
Төбесінен тұратұғын тамшы ағып.
Неге керек алтын торға қамалып!
Жұмыс істе!
Рақат көр, дем алып!
Адамға түк жараспайды,
Адамға
Жарасады жалғыз ғана даналық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу