Өлеңдер ✍️

  26.05.2021
  147


Автор: Қадыр Мырза Әли

Кеудең кейде құса-мұңға толады

Кеудең кейде құса-мұңға толады,
Толады да қызыл гүлің солады.
Үйің сенің болса болар бірнешеу,
Молаң бірақ біреу ғана болады.
Мәңгі бақи ата бермес таң күліп,
Мәнін ойла бұл өмірдің, әңгүдік!
Үйің сенің он болса да — уақытша,
Молаң біреу болғанменен — мәңгілік!
Мансаппенен шатыстырма мұратты,
Басқашалау қояр тарих сұрақты.
Тірідегі орынынан кей жанның
Өлгеннен соң алған орны тұрақты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу