Өлеңдер ✍️

  25.05.2021
  141


Автор: Қадыр Мырза Әли

Теңіз

Көкжиекте көгілдір мұнар-сағым аунайды.
Тегіс теңіз теп-тегіс кең даламнан аумайды.
Телегей ме, жазық па?—Шатыстырып аламын.
Ақ кемесі теңіздің — ақ түйесі даланың.
Көк теңіздің, яки жайлауында көк түннің
Жайылады балықтар жылқысындай Нептунның.
Дәу толқындар ұсақтап, түскен кезде екінді
Теңіз беті көк бұйра көк елтірі секілді,
Теңіз бұлай көңілде өшпестей боп қала ма,
Әйтеуір бір жағынан ұқсамаса далама?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу