25.05.2021
  252


Автор: Гүлтас Құрманбай

ӨЛЕҢДІ ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕК?

Достым, өлең оқу да – өнер. «Өлең – сөздің пашасы» деген Абай. Түсінесің ғой, сөздің патшасын өз дәрежесінде оқу керек. Оның әр шумағында ғана емес, әр тармағында, бунағында сыр бар, ақынның ішкі демі, қуанышы мен күйзелісі, сыры мен мұңы бар. Соны білу керек. Мысалы мұңлы өлеңді көңілденіп оқуға болмайды және керісінше. Ол үшін бірнеше қайталап өлеңді оқы, егер түсінбесең мұғаліміңнен, ата-анаңнан сұрап ал. Егер тіпті өлеңдегі бір сөзді түсінбесең, өлеңді оқып тұрғанда сол сөзді басқаша екпінмен қате оқуың мүмкін.


Өлеңді жаттап алғанда да, мәнін, ішкі сырын түсініп алмасаң, тез ұмытып, не шатасып айтатын боласың. Ал түсініп алсаң, ол өлеңді ешқашан ұмытпайсың. Ол сенің бөлшегіңе айналған сияқты болады. Өлеңді көп оқып, жаттап алған адам оны дәл оқу керек кезде оқыған адамнан гөрі жақсы оқиды.


 


Тамшы сөздер:



  • Өлең – сусыныңды қандырар таза бұлақтың суы сияқты. Оқыған сайын жүректің шөлі қанғандай болады.

  • Өлең – теңіздің толқыны сияқты, қайықты тербегендей адамның сезімін тербейді.

  • Өлеңде ақынның жүрегінің дүрсілі, көңілінің қайғысы мен қуанышы бар. Оны түсіну керек.

  • Өлеңді сабырмен, анық, тебірене отырып ойлы оқыса, тыңдарманның жүрегіне жетеді. Тым-тым әсірелеп оқуды да тыңдарман қабылдай алмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу