25.05.2021
  216


Автор: Гүлтас Құрманбай

Жақсы мінез сабақтары - МУЗЕЙДЕ

Сәлем, дос! Сен музейге, көрмелерге барғанды жақсы көретін шығарсың? Ендеше мен саған осындай жерлерде өзін өзі қалай ұстау керек екендігін дос ретінде айта кетейін. Дайынсың ба?


Музейге, көрмелерге барғанды әдетке айналдыр. Онда барғанда экспонаттардан адам қолымен жасалған сұлулықтарды, өнер туындыларды тамашалайсыңдар. Өзің сияқты көп адамдарды көресіңдер. Оларды сырттарынан бақылап қарасаңдар, өнерге құштарлық деген не деген сұраққа жауап аласыңдар. Өнердің адам жанын тәрбиелеуге қатысы бар. Адам мәдениеті өнерден бастау алады.



  • Музейде, сурет көрмелерінде басқа келушілерге кедергі жасама.

  • Қатты сөйлемей, аяғыңды сүйретпей жүр.

  • Жөтеліп қалсаң, залдан шыға тұр.

  • Денеңмен экспонаттарды қалқалама.

  • Экспонаттарды қолмен ұстама, қызығып тұрсаң да қолыңды тигізіп бүлдіріп алма. Шыныларын да қолмен ұстауға болмайды.


Ол жерде адамдар еркін жүргенімен, қатты күлуге, қатты сөйлесуге болмайды. Көрме қызметкері сенімен бірге жүріп, көрсетсе, ол кісіге көрмеден алған әсеріңді айтып, рақмет айт және табыстар тіле.


 


Қамшы сөздер:



  • Өнерді түсіну үшін де талап пен ынта керек.

  • Кішкентай кезіңнен жақсылыққа, сұлулыққа құштар бол. Ол кейін үлкен адам болғаныңда пайдасы болады.

  • Өнерлі адамның келешегі үлкен.

  • Өнерді сен ізде, тап, биіктерге ұмтыл.

  • «Менде өнер жоқ» деп, өзіңді жауып тастама.

  • Өзіңнен өнер ізде.

  • Экспонатты көру аз, ойлану қажет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу