25.05.2021
  208


Автор: Гүлтас Құрманбай

Жақсы мінез сабақтары - МҰЗДА АБАЙ БОЛ!

Қыс кезі. Өзен, көлдердің бетінде мұз қатқан. Сен коньки теуіп, хоккей ойнағанды жақсы көретін шығарсың? Абайла! Мұз қатып тұрған сияқты болғанмен, қауіпті. Қауіпке қалай қарсы тұру керек, осыны мұқият оқып, біліп ал.


 


Мұз үстінде қауіпсіз жүру ережесі


Әр уақытта мұздың түсіне қара. Егер мұздың түсі жасылдау, көкшілдеу болса, онда мұз адамды көтереді. Мұндай мұз жарылмайды, шыдайды. Егер


 


мұздың түсі ашық сарылау болса, ондай мұз қауіпті, жарылып кетуі мүмкін. Есіңде болсын, күн жылынғанда не болмаса қар жауғанда мұздың беті қауіпті болады. Егер мұздың үстінен жүретін жерде жол жоқ болса, алдымен таяқпен қатты ұрып көр, егер су пайда болса, мұндай жермен жүруге болмайды. Егер аяқ астынан мұз жарылып суға түсіп кетсең, қорқып байбалам салма. Келген жағындағы мұздың шетіне екі қолыңды кеңінен созып мұздың бетіне шығуға тырыс. Мұздың шетінде аяқпен тұрма, етпеттеп жылжып жағаға жет. Жағада ғана аяғыңа тұрып жылы үйге тез арада жетіп, қыздырынуың қажет. Ал егер сен мұз ойылып суға түскен адамды көрсең, қатты айқайлап адамдарды көмекке шақыр. Ойылған жерге жақындап келуге болмайды, тек қана жатып алып жылжы, кеудеңнің астына тақтай не болмаса шаңғы қойып жылжыған дұрыс. Еш уақытта судағы адамға қолыңды берме, онда бірге суға кетесіңдер. Судағы адамға таяқ, шаңғы не болмаса арқан беру керек. Шарф не болмаса сыртқы киімді де пайдалануға болады. Суға түскен адам мұздап, киімі су болып, күші әлсіреп бата бастайды. Сондықтан құтқарушы абайласа да, батыл және жылдам қимылдауы керек. Құтқарып алған адамды тезірек ең жақын жердегі үйге апарған дұрыс. Ол үйдің иелері екеуіңе де көмек көрсетуге тиіс. Алдымен киімдеріңді толық шешіп, құрғақ көрпеге орап қойсын. Ыстық сүт немесе шай берсін. Киімдеріңді кептіріп қою керек.


Қамшы сөздер:



  • Сақтанып жүрсең – өзің үшін бір жақсы, анаң үшін жүз жақсы.

  • Көзсіз батырлық – батырлық емес, ақылсыздық.

  • Анаң бақытты болсын десең – өзіңді сақта.

  • Өзен, көл мұздарында жалғыз өзің сырғанама. Қасыңда адамдар болсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу