25.05.2021
  175


Автор: Гүлтас Құрманбай

Жақсы мінез сабақтары - ҚОНАҚҚА БАРУ ДА – СЫН

Үйсіеңне ақзуаамнаытпткыеңлген қо


 


 


– Сәлеметсің бе, достым! Қонаққа бару да – сын. Оны да білген дұрыс.


Иә, бүгін қонаққа бара жатырмыз, бірақ, ең алдымен мейірімді адам қалай қонақ қабылдайтынын білейік.


Сонымен... Қонаққа бара жатырмыз.


Егер сен қонақ болсаң...


Ойламаған жерден бір үйге қонаққа барып қалуың әбден мүмкін ғой. Ондай жағдайда үй иелерін ыңғайсыз жағдайға қалдыратыныңды білгенің жөн. Сондықтан, қонаққа алдын ала ескертіп алып, барған дұрыс. Тек өте қажет болып қалған жағдайда ғана ескертпей баруға болады.


Егер, бірнеше рет есікті тақылдатып, не болмаса қоңырау шалғанда, есік ашылмаса, ары қарай үйде біреу бар ма, жоқ па деп тексермей, қайтып кеткенің дұрыс.


Қонақта отырып, үйдің ішін барлап қарап, сын айтып отыру қонаққа жараспайды. Қонаққа келіп үйдегі заттардың қай жерден, қандай бағаға  алынғанын да сұрамау керек. Сөредегі әсем заттарды қолға алып ары-бері қарауға болмайды.


Сыйлық қандай болуы керек?



  • Қонаққа беретін сыйлық сол адамға лайықты болуы керек. Мысалы бәрі жөнімен болғаны дұрыс. Үлкен кісіге ойыншық беруге болмайды, ал балаға үлкендердің жейдесін беруге болмайды, қыз балаға ойыншық мылтық, ұл балаға қуыршақ сыйламайды, т.с.с.

  • Ең бастысы сыйлығың ол адамға қуаныш әкелуі керек. Сыйлық беріп тұрып, ол адамның ерекше екенін, сол себепті де ол кісіге ерекше сыйлық лайық екенін айтсаң да болады. Сыйлық бергенде өзіңнің жомарт екендігіңді білдірмегенің жөн.

  • Сыйлық берем деп ата-анаңнан ақша сұрамай-ақ, өзің қолыңнан жасай алатын нәрселер болса, не болмаса сурет салып берсең, ағаш жапырақтарынан, бұталарынан әсем картина жасап, немесе дала гүлдерін теріп сыйласаң, қонақтарың қуанып қалады деп ойлаймын.

  • Сыйлықты жақсы тілек айтып, қуанышты көңілмен беру керек.

  • Егер досыңның туған күні болса, сыйлық ретінде өзіңнің өнеріңді тарту етуге болады (ән салып, домбыра тартып, билеп, т.б.)

  • Қонақтан қайтар уақыт жақындағанда үй иесіне, ас иесіне алғыс білдіріп:


«өте жақсы болды», «көңілді болды», тамақтар өте дәмді болды» деп ризашылық сезіміңді білдіргенің дұрыс.



  • Егер сен қонақтан асығыс кетіп қалсаң, ертеңіне болса да телефон соғып, үй иесіне, досыңа рақмет айтуды ұмытпа.


 


Тамшы сөздер:



  • Жомарттық – жолыңды ашады.

  • Сараң адам бар болса да жоқпын дейді, жомарт адам аш болса да тоқпын дейді.

  • Жомарт бергенін айтпайды.

  • Сыйлықтың жақсысы – шын көңілмен берген сыйлық.

  • Жасаған сыйлықтан адамның тегі мен білімдарлығы да байқалады.

  • Өзіңнің ең жақын туысыңның үйіне барсаң да, тым болмағанда, дәмді нан ала бар.

  • Жасы үлкен кісілерге ерекше ықыласпен көңіл бөліп, ерекше сыйлық жасай біл. Себебі ол кісілер сенің ғана қонағың емес, өмірдің қонағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу