25.05.2021
  161


Автор: Гүлтас Құрманбай

Жақсы мінез сабақтары - ҚОНАҚ КЕЛСЕ ҚҰТ КЕЛЕДІ

Сәлеметсің бе, достым! Екеуміз тамақ ішудің ережесін біліп алдық, енді


 


қонақтарды қабылдауды үйреніп алсақ... Қарсы емессің бе? Онда кірісейік...


Сонымен, қонақтарды қабылдаймыз. Егер үйдің иесі болсаң:



  • Сенің үйіңнің табалдырығын аттаған бөтен адам қонақ болып есептеледі, сондықтан жақсы көңілмен және мейіріммен қарсы алу керек.

  • Егер келген қонақ асығыс болмаса, сен оған сыртқы киімін шешкізіп, киім ілгішке киімді ілуге көмектесуің керек.

  • Келген қонаққа өз үйіне келгендей жағдай жасап, төрге шығарып, ыңғайлы орынға отырғызу қажет.

    • Келген қонақты әңгімеге тартып, әңгімені қонаққа айтқызып, өзің тыңдаушы бол.

    • Қонақты жалғыз өзін біраз уақытқа қалдыруға болмайды. Егер саған бір нәрсеге айлану керек болса, қонақтан кешірім сұра.

    • Егер келген қонақ көп отырып қалып, ал сенің шұғыл істейтін шаруаларың болса, онда ойларыңды қонақ өкпелемейтіндей түсіндіріп айту қажет.

    • Егер қонақтардың қасында ата-аналарың болса, бірінші қонақтан, содан соң ата-анаңнан кешірім сұрап, үстел басынан тұруға болады, не үйден шығуға болады.

    • Келген қонақтар бірінші рет келіп отырса: «Сізбен танысқаныма қуаныштымын, әзірше, сау болыңыз, менің жаттығуым, (немесе т.б. жұмыстарым) бар еді, айып етпеңіздер» деп айтқан орынды болады.




 


Қонаққа байланысты мақал-мәтелдер:



  • Қонақтың орны – төр.

  • Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.

  • Жақсы қонақ келсе, қой егіз табады.

  • Қонақпен ырыс келеді.

  • Қонаққа тамағыңды емес, қабағыңды бер.

  • Қонақ аз отырып, көп сынайды.


 


Қамшы сөздер:



  • Қонақ күтуде үлкен өнер.

  • Қонақты қуанып қарсы алып, қимай шығарып сал.

  • Қонағыңның сөзін бөлме, қарсы сөз айтпа.

  • Егер қонақтың кейбір мінездері, қылықтары ұнамаса, бетіне айтып тастама. Сыпайылық таныт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу