25.05.2021
  317


Автор: Гүлтас Құрманбай

Жақсы мінез сабақтары - ДАСТАРҚАН БАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ

ДАСТАРҚАН БАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ


Сәлем дос! Досым, сені білмеймін, менің қарным ашты. Тамақ ішер алдында екеуміз қолымызды сабындап жуып алуды ұмытпайық.


Ең алдымен бірнеше ережені біліп ағаның жөн.


Дастарқан басында өзін-өзі қалай ұстау керек?



  • Шынтақты столдың үстіне қоюға болмайды, тек білекті қою қажет.

  • Ас пен   салаттарды  үлкен   ыдыстан  өз   қасығыңмен алдыңдағы табағыңа салуға болмайды, ортадағы ыдыстың қасығымен салу керек.



  • Асты қасықпен, не болмаса шанышқымен басыңды сәл еңкейтіп жеген дұрыс, басыңды табаққа шейін еңкейтіп жеуге болмайды.

  • Асты жабық ерінмен толық шайнап жеген дұрыс. Ауызда тамақ тұрған кезде сөйлемеу керек. Тамақты тым асығып та, немесе тым жай ішуге де болмайды. Бір қалыпты ішу керек. Тамақты, шайды өте ыстық түрінде қабылдамаған дұрыс, сәл суытып барып қабылдау керек.

  • Ыдысыңа өзің тоятындай ғана тамақ салып ал. Ас ішіп болғаннан кейін, пышақ пен шанышқыны табағыңның үстіне бір-бірінің қасына қою қажет


 


Ас ішетіндерге кеңес:


Шанышқымен жейтін тағамдар: ет пен жайма, қуырдақ, котлеттер, рулеттер, салат, жұмыртқа, күріш, макорон, тұшпара, картоп т.б.


Пышақ және шанышқымен жейтін тағамдар: құс еттері, кесек еттер, кесек қуырдақтар.


Қасықпен жейтін тағамдар: ботқа, ірімшік, көже, езілген картоп, т.б



  • Нанды қолмен алып, ауызға салып тістемей, қолмен үзіп ауызға салған жөн.



  • Торттарды және басқа тәтті піскен тағамдарды қолмен алып жемей, кішкентай қасықпен жеген дұрыс.

  • Аш ішіп болған соң сулықпен ауызды сүртіп қой.

  • Дастарқаннан тұрған соң, қолыңды жақсылап жуып ал.


 


Ал енді ас иесіне кеңес:


Сізге үстел жапқыш, қағаз сулық, табақтар (үлкені, кішісі), кеселер, шыны кеселер, шанышқылар, пышақтар, қасықтар (ас ішетін, тәтті жейтін), гүлдер және гүл салатын ыдыс ұсынылады:


 


Тапсырма: осы заттарды әдемі, дұрыс және ыңғайлы орналастыру қажет.


Шешімі:



  1. Үстел үстіне үстел жапқышты жабу керек.

  2. Оймен, үстел үстіне сызық сызғандай, табақтарды әр орындыққа қарама- қарсы қою қажет. Егер түскі ас мәзірі болса, таяз табақтың үстіне шұңғыл табақ қою қажет.

  3. Пышақты табақтың оң жағына жүзімен қаратып, шанышқыны сол жағына үшкір жағын жоғары қаратып қою керек. Ас және шай қасықтарын табақтың артқы жағына үстелдің шетіне қарама-қарсы қою керек.

  4. Су, шырын ішетін ыдыстарды ас қабылдайтын ыдыстардың оң жағына қояды. Қағаз сулықты тәрелкенің үстіне қой.


Құрметті қонақтар,сіздерді дастарқанға шақырамыз!


Тамшы сөздер:



  • Ас ішу – адамның міндетінің бірі. Оны орындау керек.

  • Асты дұрыс ішпеген бала биік болып өспейтінін қара.

  • Асты қадірлемеген адамға байлық келмейді, бақ қонбайды.

  • Нанды басуға, шашуға, қоқысқа тастауға болмайды.

  • Нан – тағамның патшасы.

  • Асты менсінбеу - кесірлік. Кесірлік - өте жаман әдет.

  • Адам мәдениеті асты дұрыс ішкеннен көрінеді.

  • Аузыңда асың тұрғанда, асықсаң да сөйлеме.

  • Асыңды достарыңмен бірігіп ішсең, берекелі болады.


Асты тұрып ішуге болмайды.


□Астың қолмен ішу керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу