25.05.2021
  220


Автор: Гүлтас Құрманбай

Жақсы мінез сабақтары - ОЙЫНДЫ ДА ОЙНАЙ БІЛ

ОЙЫНДЫ ДА ОЙНАЙ БІЛ


– Досым, жағдайың қалай, сабақтан жалыққан жоқсың ба? Ендеше жақсы мінез сабақтарымызды бастайық. Біз ойнаймыз...


Менің ақылды досым, байқайсың ба, балалар ойнаған кезде достарымен төбелесіп, бір бірлеріне өкпелеп жатады. Ондай кезде тез татуласып, ойынды түк болмағандай жалғастыру керек.


Таза ауада ойнаған денсаулыққа пайдалы. Бірақ барлық нәрсенің шегі болады. Қауіпті ойындарды ойнамаған жөн (тас атып ойнау, садақ және тағы басқа үшкір, өткір заттармен).


Қатты терлеп жүріп, салқын сусын ішпеу керек. Себебі тамағың ауырып қалады. Ойын кезінде жеңіліп қалып жатсаң, қатты ренжіме, досыңа ауыр сөз айтпа, бұл бар болғаны ойын ғой. Егер досың жеңіліп жатса да, сен оның көңілін түсірмей: «бұл ойын ғой, мүмкін келесі жолы сен жеңесің» деп айтқаның дұрыс. Кейбір ойындарды үйде де ойнауға болады. Бірақ тым шуылдап, үлкен кісілердің мазасын алуға болмайды. Әсіресе қонаққа барғанда «тәртіпсіз бала екен» деген жаман сөзге ілінбеу керек.


Достым, сенің ақылың, парасатың бәрінен де артық. Сондықтан сен ойнағанда да ойлай білуің керек. Үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда, немесе тамақ ішіп отырғанда сендер қатты шулап ойнасаңдар дұрыс болмайды.


 


Көңілді ойын түрлері


Ойын ережесі:



  1. Ойын ережесін сақта, алдап не болмаса өтірік ойнап жеңіске жетуге тырыспа.

  2. Басқалардың ұтылғанына қуанба.

  3. Әрине ұтылғаның   өкінішті-ақ,    бірақ    еңсеңді    түсірме,    жеңіске жеткендерге өкпелеме, дұрыс ойнамады деп жеке бір балаға да өкпелеме.


 


Достармен кейбір ойындарды қалай ойнау керек.



  1. Көңілді тығылмаш ойын:


Іздеуші көзін байлап, асықпай онға дейін санайды. Қалғандары жақын, іздеушінің дауысы естілетін жерлерге тығылады. Іздеуші 10 деп санаған кезде тығылғандар әр түрлі сөзді өз қалаулары бойынша айқайлап айтады:



  • Сәлеметсің бе?

  • Кеш жарық!

  • Барлығы жақсы!

  • Рақмет…


Іздеуші тығылғандардың дауыстары арқылы кім қай жерде екенін табу керек. Кімді бірінші айтады сол іздеуші болады.


2.                 Көңілді көз жұмып ойнау.


Іздеуші бастаушы болып сайланады. Оның көзін байлап қояды. Ол бөлмедегі балаларды байлаулы көзімен ұстауға кіріседі. Іздеуші кімді бірінші ұстаса сол іздеушінің көмекшісі болады және оның көзін де байлайды. Енді екі іздеуші басқаларын іздеуге кіріседі. Келесі ұсталған баланың көзі байланып, осылайша ойын жалғаса береді. Қай бала ең соңында ұсталады, сол келесі ойында іздеуші болады.



  1. «Сақина жасыру» ойыны. Барлық балалар екі қолдарының алақандарын беттестіріп отырады. Ойынды жүргізуші бастап, қолындағы сақинаны бір


баланың қолына салады. Басқалар соны табу керек. Тапқан балаға сыйлық


 


беріледі, немесе таппаған балалар өз өнерлерімен айып төлейді. Ойын өте қызық болады, себебі балалар өлең, тақпақ, жаңылтпаш, ән немесе күлдіргі әңгіме айтады.



  1. «Доп тосу» ойыны. Кішкене допты лақтырады, балалардың қайсысы көп допты тосып алса, сол бала жеңімпаз болады.

  2. «Бес тас» ойны. Көлемі біркелкі кішкентай бес тасты шашып жіберіп, біреуін қолына алады. Енді сол тасты жоғары лақтырып, ол тасты тосып үлгергенше, жердегі бір тасты қоса іліп алып үлгеру керек. Солай бес тасты да жинап алады. Екінші айналымда бір тасты жоғары лақтырып, жердегі екі тасты алу керек. Ең соңында бес тасты бірақ алады. Ала алмағандар ойыннан шығып отырады. Бес тасты да лезде жинап алған бала жеңіске жетеді. Бұл ойын жылдамдыққа, ептілікке үйретеді.


 


Қамшы сөздер:



  • Ойын кезінде өкпелеме.

  • Ойнап жүріп те адам мәдениетті бола алады.

  • Ойынның да ережесі, заңы болады. Соны сақтаған дұрыс.

  • Ойында ренжіген бала ер жеткенде де жақсы мінезді болмайды.

  • Ойынға көп уақыт жұмсама.

  • Денсаулығыңа, ақыл-ойыңа пайдасы бар ойындарды ғана ойна.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу