25.05.2021
  235


Автор: Гүлтас Құрманбай

Жақсы мінез сабақтары - СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ АНАСЫ

СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ АНАСЫ


Қайырлы күн, достым. Бірінші сабағымызды сәлемдесуден бастасақ, қалай қарайсың? Біздің бабаларымыз: "сәлем – сөздің анасы" деп, сәлем беруге үлкен мән берген. Балалардың анасы болатыны сияқты сөздердің де анасы болады екен. Ал біз аналарымызды жақсы көреміз ғой... Ендеше сәлем бергенді де жақсы көрейік. Онда сабағымызды бастадық.


Сәлемдесу ережесі:



  • Жасы кіші адам үлкендерге бірінші сәлем береді. Бірақ кейде жасы кішілердің сәлем беруін күтіп тұрмай-ақ, үлкендер де сәлем бере береді, себебі ол тәрбиелілікті көрсетеді. Сондықтан сәлем беруге асыққан жөн.

  • Егер сәлем беретін адам сенен алыстау тұрса, қолыңды бұлғап, айқайламау керек. Жанына жақндап барып, ізетпен сәлем бергенің дұрыс болады. Достарыңмен алыстан бір-біріңді көріп қалғанда да бастарыңды изеп, сәлем жасау жеткілікті болады.

  • Сен сәлем бергелі тұрған адам басқа біреулермен әңгімелесіп тұрса, күте тұр, олардың әңгімесін бұзу – әдепсіздік болады. Егер ол адам сенің күтіп тұрғаныңды көрсе, өзі ыңғай білдіреді. Сол кезде ол адамның ғана қолын алып амандаспай, басқаларға да амандасу керек. Қатар тұрған екі адамның біріне қолыңды беріп амандасып, екіншісіне амандаспасаң ол – мәдениетсіздік.

  • Жақын танысыңды көргенде айқайлап, шулап, «мен кімді көріп тұрмын!», «Сені де көретін күн бар екен», «қайда жоғалып кеттің?» т.б сондай сөздерді сәлемдесу деп айта алмаймыз.

  • Егер бір адаммен күні бойында бірнеше рет кездесіп қалатын болсаң, кездескен сайын сәлемдесудің әр түрін қолдан. Басты изеп, жылы


 


жымиып, ақырын қол бұлғап, не болмаса асханада жолығып қалсаң «асыңыз дәмді              болсын»     деп     сыйластық     ілтипат     көрсеткен     дұрыс     болад


 


Тамшы сөздер:



  • Сәлемі түзудің – жұмысы тез бітеді.

  • Сәлемі жоқ адамды санасызға санаған.

  • Адамды сәлем бергенінен тануға болады.

  • Амандасып, жөн сұрасу – кісіліктің белгісі.

  • Сәлемдесуге асық, ол – ең жақсы іс.

  • Үлкенге құрметтің бірінші белгісі – сәлем беру.

  • Танымайтын үлкен кісіге сәлем берсең – алғыс аласың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу