Өлеңдер ✍️

  25.05.2021
  170


Автор: Қадыр Мырза Әли

Үш ғасырдан кейін мойындалған шындық

Шораға

Алдағыңнан жеңіл емес арттағың,
Азабым деп ұқпа өмірдің артқанын...
Көзін,
Сөзін,
Өзін қиды ақыры —
Бәрін қиды шындық үшін қарт ғалым.
Бұл өмірде түсінбейтін көп қызық.
Айтқанменен,
Жазғанменен жеткізіп,
Галилейдің идеясын
Ватикан
Мойындады үш ғасырды өткізіп.
Өмірде ұзын,
Ал өлеңде қысқа сыр.
Қысқалыққа құштар сөздің ұстасы.
Үш ғасырда дәлелдер ең нені де,
Өмір сүру мүмкін емес үш ғасыр!
Не болады бір ғұмырың.
Бір жасың?!
Әділдікке асықпайды «мырза» сын.
Мойындалып жатса шындық,
Үш емес,
Он ғасырдың өзіне де ырзасың!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу