25.05.2021
  1385


Автор: Қадыр Мырза Әли

Болжам

Құм менен тас кірігіп,
Құрлық пайда болыпты.
Тікен мен гүл бірігіп
Тірлік пайда болыпты.
Қиял менен есептен
Қыран пайда болыпты.
Күлік пенен есектен
Құлан пайда болыпты.
Бірте-бірте жәй талдан
Бадам пайда болыпты.
Періште мен сайтаннан
Адам пайда болыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу