👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2021
  109


Автор: Қадыр Мырза Әли

Көз бен көңіл

Көктемеде қандай сұлу құм-шағыл!
Қол бұлғай ма шешек атқан гүл шағың?
Кім ойлаған
Қысы суық, жазы ыстық
Құм-шағылда өседі деп мұнша гүл!
Талай-талай таң қалдырды түз мені.
Түз бояуы мүлдем бөлек күздегі.
Тамаша ғой
Туған жердің жантағы,
Теріскені,
Тобылғы мен түзгені!
Төлге берер шөбің болса қораңда,
Тынығып ал,
Тұлыбыңа оран да.
Құдірет бар
Апта бойы ашылмай
Алай-дүлей әлек салған боранда.
Ақ жамбыдай—
Айға қара арайлы —
Ай жүзінен шұғыла — нұр тарайды.
Ақ қыл жапқан қызыл шақа құйқасын
Сүйкімді деп кім ойлаған торайды!
Сары алтынның буы бар ма егінде?!
Жұлдыз қалай жымыңдайды көгінде?!
Табиғатта бәрі сұлу,
Бәрі әсем...
Барлық пәле көзің менен көңілде!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы