👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2021
  122


Автор: Гүлтас Құрманбай

Әйгерімнің қоштасу әні

Асыл әкем, бағаң жетпес бағаңа,


Сендей әке бұл ғаламда бола ма?


Өрлігімді, ерлігімді мадақтап,


Шық жуытпай жүруші едің балаңа.


Сендей жанды бұл ғаламнан табам ба?


 


Күн сияқты шуақты анам, жан анам,


Сендей болса әлемдегі бар адам.


Бақыт деген жердің бетін жайлап ап,


Бақытты боп күн кешер ед бар адам.


Сендей болса әлемдегі бар адам.


 


Тағдыр деген қант емес, бал емес,


Өмір деген мәңгі тұрар жаз емес.


Қысы, күзі суығы бар жалғанның


Суығына тоңдырмаған ақыл-ес.


 


Ақтасам деп әкемнің асқақ үмітін,


Білім іздедім тегімде тұрар аты деп.


Ақтасам деп ана сүтін, тілегін,


Адал жар іздедім, тегімді сыйлай білетін.


 


Теңімді таптым, қуаныңдар, туғандар,


Әр аруда жар болсам деген арман бар.


Екі елдің арасына бақыт көпір салуға


Аттанып барамын, бер батаңды, бауырлар!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы