25.05.2021
  177


Автор: Қадыр Мырза Әли

Хат тасушы

Күндіз-түн, қарашы,
Жоқ онда демалыс.
Жүректер арасы —
Ең жақын, ең алыс.
Сыйғызған көп елді
Болса да әлем кең,
Көңіл мен көңілді
Жалғайды сәлеммен.
Дәрігер демейді
Оны жұрт,
Е, мейлі!
Ауруды ол кейде
Хатпен де емдейді.
Қары да талады
Мереке кездерде.
Сумкасы толады
Ең ыстық сөздерге.
Ыстық сөз!
Лайым
Суық сөз болмасын!
Тасуға ол дайын
Шаттықтың тоннасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу