25.05.2021
  266


Автор: Қадыр Мырза Әли

Тракторшы

Тракторшы тынбастан
Терең тартып соқасын,
Теңкереді
Жымдасқан
Тыңның қалың құйқасын.
Жұлдыздардан түнгі аспан
Тақса-дағы алқасын,
Тракторшы тынбастан
Тартады кеп соқасын.
Артта
Дымдап тараған
Табанына оралған
Трактордың жер аз ба!
Тың — даланың семізі,
Семіз түйе қомындай.
Тарам-тарам соқа ізі
Молшылықтың жолындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу