Өлеңдер ✍️

  25.05.2021
  309


Автор: Қадыр Мырза Әли

Нүкте

Нүкте деген, білгенге,
Жәй ғана бір ноқат па?
Жоқ онысыз сөйлем де,
Жоқ өлең де,
Жоқ хат та!
Нүкте деген пайымды,
Батыл тыныс белгісі.
Аяқтамай ойыңды,
Келмейді оның көнгісі.
Жазып жатқан кездерде
Асықпай-ақ күтеді.
Не бір ғажап сөздер де
Сол нүктемен бітеді.
Ол сөйлемнің оңында
Тұрмайды құр сәндікке.
Әрбір істің соңында
Болу керек бір нүкте!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу