24.05.2021
  7878


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Ақ көйлек

Қожанасыр бір күні түнде далаға шықса, есіктің алдында ағарып тұрған бір затты көреді. Жалма-жан үйіне жүгіріп кіріп, мылтығын алып шығып, әлгі ағарғанды атып тастайды да: «Не де болса ертең көрермін», - деп үйіне кіріп жатып қалады. Ертеңінде тұрып түндегі атқан нәрсесін қараса, ол өзінің жуып, жайып қойған көйлегі екен, мылтықтың оғы шұрық-тесік қып кетіпті. Қожа көйлегін әрі-бері айналдырып көріп тұрып: «Қатын, қатын, апырай, көйлегімнің ішінде өзімнің болмағаныма шүкір, егерде өзім болсам не болар едім?» - депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу