Өлеңдер ✍️

  24.05.2021
  145


Автор: Азия Мағыпер

Қарғадан сәлем айыттым ! 

Астаң-кестең болды аспан аядай-ақ, 


қыялым қар кешеді жалаң аяқ. 


бүрісіп үйде отырып, қалқатайға, 


қарғадан сәлем айыттым алақанат. 


 


Хабаршым бара жатты асығыс тым, 


мазақтап мазамды алды мақұлық түн. 


жалаң аяқ қиялым таптап өткен, 


қан аралас қар суын тасып іштым. 


 


Базарға өзендердің басын ілып , 


қарадық дұниеге қақырынып. 


жер бетінің желігі жеріткен соң, 


жер астынан іздеді асылын жұрыт. 


 


Топқа ергім кеп менің де шекем қызып, 


(шыл бұрауын шындықтың кетем бе үзіп) 


қарғаларға тастап өз өлексесін, 


бөрілер жүр бөктерде бөкен қуып. 


 


Шындық бөрі, қар қиял және бөкен, 


қарға әкелер хабардан дәмелі екем. 


білесің ұлесіңнің қанша екенін, 


заман ақыр міне осы кане десең? 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу