Өлеңдер ✍️

  23.05.2021
  162


Автор: Аймақ Әбілда

Тәтті қиял


Тәтті қиялға жанды жүздіріп,
Шарап іштім қанды қыздырап,
Өлең де жаздым, әнге де салдым,
Жүрегімді мәңгі қыз қылып.

Түп-түгелденіп құбыла деген,
Шарапты іштім құмыраменен.
Аймалап жатты ақырын келіп,
Бет-жүзімді шұғыла-дөнен.

Бұдан бір асқан жылу бар ма, аға,
Сел болды сезім тығулы арнада.
Бұрала билеп жөнімен бөлек,
Қасымда болған сұлулар ғана.

Пейіште болар мүсінді тірі,
Келтірді Алла, түсінді түбі.
Қыз-қыз қайнаған қызыл шарапты
Пияламенен ұсынды бірі.

Бұрын да мұндай төгілмедім-ау,
Мың батпан жүктен жеңілдедім-ау.
Сұлуларменен шарапқа мас боп,
Сыймай да жаттым өмірге мынау.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу