Өлеңдер ✍️

  21.05.2021
  257


Автор: Ержанқызы Назерке

Әкеме

Әкешім, өзің жайлы ойланамын,
Ойлансам арманыма жүз барамын.
Қабағын кір шалмасын әкемнің деп,
Жаман күні ешқашан болмасын деп
Ұл-қызыңды өсіріп көз көрген соң,
Бұрынғыдай емессің, өзгергенсің.
Қара ормандай шашыңа ақ түсіпті-ау,
Жүзіңе салыпты ғой уақыт ізін.
Мейірімді, ақкөңіл әкетайым,
Сенсің ғой арқа сүйер асқар тауым.
Еркелетіп өсірдің ерке қызды,
Өзің ғана түсіндің керегімді.
Әкем бар деп өзіңмен мақтанамын!
Нық басып аяғымды шаттанамын.
Есейіп, өз-өзіме келгенімде,
Еңбегіңді мың есе қып қайтарамын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу