20.05.2021
  967


Бойжеткен ару қызға тілек

Ару қыз!
Уылжыған алмадайын,
Қызыл гүл,
Аппақ тілек бар маңайын.
Құлаш ұр арманыңның асқарына
Құс болып алтын қанат самға дәйім.
Көркіңе таңдай қалып, көл дір еткен,
Отырсың көгілдірдей мөлдіреп сен.
Лебізің жүректерді елжіреткен.
Сәбидің, көңілі пәк, бір арусың,
Желкенің жүректердің желбіретен.
Сыпайы сүйіндірген қылықтарың,
Гүл бағын Махаббаттың ұмытпағын.
Жасыңа жас қосылып, жүзің жайнап,
Алдыңнан ата берсін күліп таңың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу