19.05.2021
  337


Автор: Қадыр Мырза Әли

Барлық саусақ бірдей емес

Кімдер біздің класты
Өнерсіз деп ойлайды.
Алсаңыздар Күләшті,
Сыбызғыңда ойнайды.
Кімдер біздің класты
Өнерсіз деп ойлайды.
Алсаңыздар Тұрашты,
Домбыраңда ойнайды.
Кімдер біздің класты
Өнерсіз деп ойлайды.
Алсаңыздар Құбашты,
Қобызыңда ойнайды.
Рас, рас,
Кәрімнің
Райысы оңбайды.
Ол болса,
Ол бәріңнің
Нервіңізде ойнайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу