Өлеңдер ✍️

  19.05.2021
  279


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қайтіп келем?

Қырдан төмен ағып келем,
Қыраудан гүл тағып келем.
Қалтарыста қалт-қалт етіп,
Кездескенді қағып келем.
Қырдан төмен зулап келем,
Қос жанарды сулап келем.
Қанат болып желде етегім,
Қар үстінде тулап келем.
Аяқ-қолым талып келем,
Ауыл жаққа салып келем.
Бір пар жаңа шаңғымды енді
Екі пар ғып алып келем! 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу