19.05.2021
  160


Автор: Қадыр Мырза Әли

Немене?

— Ызыңдаған немене?
— Ағаш кескен ара ғой,
Балтаңды ал да бара ғой!
— Гуілдеген немене?
— От үрлеген көрік қой,
Көмегіңді беріп қой!
— Дүрілдеген немене?
— Трактор ғой жер жыртқан,
Қалма сен де ел-жұрттан!
— Гүрілдеген немене?
— Машина астық тасыған,
Мен сол жаққа асығам!
— Үнсіз тұрған немене?
— Іс жоқ жерден не аламыз?
Босқа айналып қаламыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу