Өлеңдер ✍️

  19.05.2021
  131


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ана мен баланың әңгімесі

— От жақ деп ошағыңыз
Тұрмайды алдыңызда.
Қол соғып, қош алыңыз,
Көмекке келді газ да.
Қыдырғыш сыпырғышты
Құртыңыз, білдіңіз бе!
Шәртиген жұмыр ішті
Шаңжұтқыш келді бізге.
Қайтесіз күйентені,
Бар енді краныңыз!
Бәрі де түгел тегі,
Жоқ қандай құралыңыз?
— Кез болды жататұғын,
Қашырма берекемді!..
Сені бір бағатұғын
Машина керек енді!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу