![]() |
|
![]() |
Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2021
86

Дүрбелең
Алау тілі әлсін-әлсін ұзарып,
Ашуланды оттың көзі қызарып.
Уақытымды,
Тынышымды,
Ырқымды ап,
Деп қазанның суы шықты бұрқылдап.
Езуінен ақ көбігін ағызып,
Деді сабын:— Уа, жүгенсіз! Уа, бұзық!
Кір жуғыштың қолы қалды күстеніп,
Кір қыстырғыш үнсіз тұрды тістеніп.
Электрге ерте кезден күзетші,
Не істесем деп, зыр-зыр қақты счетчик.
Сотқар өтек күжірейтті шүйдесін...
Соның бәрі күтімсіз бір жейде үшін.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |