19.05.2021
  253


Автор: Қадыр Мырза Әли

Көңіл

Сүйетіндей жер үсті
Суретші болсам ғой.
Айтарлықтай келісті
Адам жасай алсам ғой!
Шашын,
Қасын
Күйедей
Қараменен бояр ем.
Ал ерінін шиедей
Алқызыл қып қояр ем.
Көзін, тіпті, тартынбай,
Көгілдір ғып қояр ем.
Ал тістерін алтындай
Жарқыратып бояр ем!
Күнге күйген білекті
Күреңменен бояр ем.
Ал жүректі, жүректі
Әппақ қылып қояр ем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу