19.05.2021
  224


Автор: Қадыр Мырза Әли

Асан мен Хасан

Білген адам Асанды,
Білген адам Хасанды
Екеуінің достығын
Дей алмайды жасанды.
Олар бірге ойнайды,
Олар бірге ойлайды.
Мерекені, мейрамды
Бәрін бірге тойлайды.
Бірге ішеді тамақты,
Бірге оқиды сабақты.
Бірге күліп жадырап,
Бір түйеді қабақты.
Ынтымақты, тірлікті
Бұл екеуі бір мықты.
Сабақтан да бір қалып,
Бірге алады «бірлікті»!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу