19.05.2021
  173


Автор: Қадыр Мырза Әли

Досымбай осындай

— Шекер дәмді, бал дәмді
Әкелші бір алмаңды!
— Ана жолы өріктен
Өзің маған беріп пе ең!
— Біздер сондай құмармыз,
Тастап кетші бір қарбыз!
— Сұрағанда, көріп мен,
Қауыныңнан беріп пе ең!—
Есепке жоқ Досымбай
Есептескіш осындай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу