19.05.2021
  205


Автор: Қадыр Мырза Әли

Шығарған кім?

Бір кенеп ап тамағын,
Бастады ағай сабағын.
Есебімді көрді де,
Шыта қойды қабағын.
— Мынауың не?
Қатаңа
«Екі» қойсам бата ма?
— Ол «екіні» бұл жолы
Қойыңыз сіз атама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу