19.05.2021
  264


Автор: Қадыр Мырза Әли

Есеп

— Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?—
Тез шығара алмадым
Мен бұл есеп-мысалды.
— Сол досым сол алманың
Бәрін алсын!— дей салдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу