19.05.2021
  143


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қуырған балық

Болды біздің жолымыз,
Судан шортан суырдық.
Содан кейін оны біз
Сарымайға қуырдық.
Дәмді болып піссін деп,
Салды досым бұрышты
Дәмді болып піссін деп,
Салдым мен де бұрышты,
Ащы болса жақсы деп,
Ол бір уыс тұз салды;
Ащы болса жақсы деп,
Мен бір уыс тұз салдым.
Енді болды дедік те,
Табаға біз жуыстық.
Бір-бір балық жедік те,
Бір-бір шелек су іштік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу