19.05.2021
  162


Автор: Қадыр Мырза Әли

Таяқ жеу

Көлден іздеп жұмыртқа,
Көп жүріппіз ерінбей.
Қайттық содан ымыртта,
Кетті ештеңе көрінбей.
Сарымасаның бір кезде
Ортасында қалыппыз.
Қонғандарын
Ілезде
Жібереміз салып біз.
Ісіп кетті көзіміз,
Ісірдік қол-аяқты.
Масаны ұрып,
Өзіміз
Жеп келеміз таяқты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу